ТАРИХ-ҒАСЫРЛАР КУӘСІ
Мектебімізде 17-21 қазан аралығында "Тарих-ғасырлар куәсі" тақырыбында тарих апталығы өткізіледі.
Мақсаты: Қазақ елінің егемендік алуының маңызын білуге, оқушылар бойында ар, ұлттық намыс , адамгершілік пен парасаттылық қасиеттерін сіңіруге, елін, жерін құрметтеп қастерлеуге , отан сүйгіштік сезімін оятуға дамыту.
"Тарих ғасырлар куәсі " - апталығы “25 қазан-Республика күні” мерекесімен қатар келіп отыр. Осыған орай оқушыларымыз шара барысында Республика күніне арналып құрастырылған макетті таныстырды.
Елдігімізді айшықтайтын рәміздерді жатқа айтқызып, ұлы тұлғалардың атаулы мерейтойларын еңбектерімен, өмір жолдарымен ұштастыра сабақтады. Күмбірлеген күй тартылып оқушылардың бойында ұлтқа, елге деген рухшылдық көрініс көздерінде көрініс бергендей болды.
{gallery}/-47{/gallery}



