Цифрландыру_жаһандық_үрдіс
Бүгін Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 10-11 сынып білім алушылары арасында цифрландыру күні өтті.
Цифрландырудың негізгі мақсаты – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру.
Білім алушыларға «eGov mobile» электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы және «ХҚКО» мобильдік қосымшасындағы сұранысқа ие анықтамаларды смартфон, ноутбук арқылы жылдам әрі оңай алу мүмкіндіктері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қызметтерді алу жолдары көрсетілді.
{gallery}/-48{/gallery}



