Мектептегі_тамақтану_айдары №1
2022 жылы 26 қазан күні мектеп әкімшілігі және қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен бірлескен түрде мектеп асханасына «Жалпыға міндетті оқу қоры» есебінен берілетін жеңілдетілген ыстық тамақтың ұйымдастырылуы және берілуі жөнінде зерделеу жұмыстары жүргізіліп, асхана жанындағы оқушыларға арналған қазақы үлгідегі демалыс орны таныстырылды.
Зерделеу мақсаты
- білім алушыларға берілетін тағамның сапасын, құнарын, мөлшерін тексеру, шикізат өнімдерінің сертификаттарының жеткізілуін тексеру,
- ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиеналық ережелерін сақтауын бақылау.
Зерделеу қорытындысы бойынша мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы талапқа сай, күнделікті ас мәзірі перспективалық ас мәзіріне сәйкес, тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі сертификаттармен салыстырылып қаралды. Мектеп асханасына мониторинг жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
{gallery}/-54{/gallery}



