oC

Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің Коворкинг орталығында кітапханашылардың ұйымдастыруымен 1"В" сынып оқушыларына (жетекшісі Мейрам.С) сынып сағаты өткізілді. Балалар өздері білетін тақпақтарын, ертегі-әңгімелерін жарыса айтты.
Мақсаты:
Білімділік: Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру,
Дамытушылық: Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.