oC

Поэзия-көңілдің толқыны, жүректің лүпілі және өмір құбылыстарын танып білудегі қуатты құрал, ой мен сезім тамырын терең салған бағаналы бәйтерек.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қараманова Гүлжан 9-сынып оқушыларымен М. Жұмабаев, І. Жансүгіров өлеңдерін мәнерлеп оқу сағатын өткізді.
Мақсаты: Поэзия биігіне самғаған, оның асқар асуларынан нәр алған Мағжан, Ілияс сынды біртуар ақындардың өлеңдерін оқыту арқылы поэзия әлеміне бойлату, өлеңді құрметтейтін, поэзияның тылсым сырларын ұға алатын ұрпақ тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар ақындардың өлеңдерін нақышына келтіре оқып, көрерменге жақсы көңіл күй сыйлады.