oC

 Жаңа бастама!!!

"BasTime" бағдарламасында "OILAN" quiz ойындары

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп оқушылары түрлі әдеби, көркем шығармалар оқуда. Әрине, әр әдебиет оқушыны оқиға желісімен сол уақытқа жетелеп түрлі көңіл-күй сыйлайды. Кітап оқи отырып білім көкжиегі де кеңейе түспек.

Осы орайда әр сынып параллелі бір айда бір кітап оқи отырып ай соңында "OILAN" quiz ойындары арқылы қорытыланбақ. Алғашқы болып 3-4 сынып оқушылары бастап, кітап желісі бойынша қойылған сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беруге тырысты.

"BasTime"-нан алыстамаңыздар! Ойын қызықтарымен бөлісетін боламыз.