АҚПАРАТТЫҚ-ТАНЫМДЫҚ САБАҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ТАНЫМДЫҚ САБАҚ
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығында 7 "б" сынып оқушыларымен Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне саяхат жасап, ақпараттық- танымдық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі: Абдуллақызы Ұлжан.
Сабақтың тақырыбы: Заман бейнесі: Кеше.Бүгін.
Бүгінгі жаһандану дәуірінде еліміздің әдеби, мәдени тарихын жас ұрпаққа танытуды мақсат еткен сабақ мұражайда өткізілді. Оқушылар халқымыздың ғасырлардан тамыр тартатын тарихи дуниелерді көріп тақырыппен байланыстыра алды. Бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін көзбен көре отырып тақырыптан тұшымды ой түйіп қайтты.



