oC
Абылай хан атындағы #140 қазақ орта мектебінде "Тіл тұғыры-ел
тағдыры" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында
Досбенбетова Асылзаттың ұйымдастыруымен 5"в" сыныбында сыныптан
тыс шара өткізілді. Іс-шара "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша
"Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу" аңыз әңгімелері негізінде
ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушылардың шешендік өнерге деген құштарлығын арттыру;
оқушылардың сөйлеу шеберліктерін дамыту; тез шешім қабылдауға
бейімдеу; ел алдында жасқанбай өз ойын жеткізуге үйрету. Оқушылар
жұмыс барысында аңыз әңгіме желісі бойынша көріністер қойып, өз
өнерлерін ортаға салды. Әдебиетке қызыққан оқушылар шараға белсенді
түрде қатысты.