"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Абылай хан атындағы #140 қазақ орта мектебінің кітапханашылары 3"Ә" сынып (сынып жетекшісі Әбілқасымова Тамаша) оқушыларымен "Ақиық ақын, аудармашы- Тұманбай Молдағалиев" атты тақырыпта іс-шара өткізді.
Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Жарсу ауылында туған. Ақын нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды.
Шара барысында оқушыларымыз ақынның өлеңдерін жатқа айтып, өздерінің шығарған өлеңдерін оқып берді.



