oC

Биыл қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы

Әуезовтың дүниеге келгеніне 125 жыл.

Осы орайда мектебіміздегі әлеуметтік-ғылыми кіші мектебінің «Туған жерге тағзым» жобасы

аясындағы жоспар бойынша мектеп парламенті мен 9 «в» сынып оқушылары «Дәуірдің дара тұлғасы» атты сынып сағатын облыстық өлкетану музей орталығында өткізді.

Мақсаты - Әлем таныған Әуезовтың ұлылығын дәріптеу. Қазақ елінің мақтанышына айналған

заңғар жазушыны құрметтеуге, жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы

оқушылардың білімдерін жүйелеу.

Оқушылар өзіндік ізденіс жұмыстарын көрсете отырып, Мұхтар Әуезовтың өмір жолы мен

жазушылық қызметінен, шығармашылығынан жан-жақты мағлұматтар айтты.