oC

Бүгінгі күні ата-аналардың балаларды кітап оқуға баулуы өте маңызды. Егер бала ата-ананың кітап оқып отырғанын жиі байқайтын болса, өзі де қолына кітап алатын болады. Ал кітапты көп оқыған балаға мектеп бағдарламасын игеру де жеңіл болады. Сондықтан мектеп оқушылары отбасымен бірге кітап оқуды жалғастырады.

Кітап оқуға баулитын бірден-бір орта- баланың отбасы. Отбасының ынтымағын арттыратын да кітаптың даналығы! " "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқушылар "Отбасымызбен кітап оқимыз!" атты іс-шараға жұмылдырылды.

Құрметті ата-ана кітап оқу баланың ой - өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды. Баланы кітап оқуға көбірек баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесіп, алдын ала бос уақытында оқитын кітаптарының тізімін белгілеп, оны ата - анасы өздері ұсынуға болатынын еске саламыз.