Поэзияның адам жанын жақсылыққа, ізгілікке, сұлулыққа тәрбиелейтін қасиеті бар. Поэзия – әр адамға күш-қайрат, рух беретін өзгеше бір әлем.
Мектеп оқушылары Түменбай Ақжол, Жамбыл Бақытәлі, Бек-Сұлтан Санақұл, Аружан Оралбай, Дина Бөкебай бастаған ақындар ортасында поэзия кешін өткізді. Әр өлең - бір әлем, кеш қатысушылары кейде терең ойға батса, кейде жүздеріне күлкі үйірілді. Кеш барысынды Мұхтар Шаханов, Мұқағали Мақатаев сынды қазақ поэзиясындағы тұғырлы тұлғаларымен қатар жас ақындар өлеңдері де оқылды.
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, поэзия мен көркем тілге деген сүйіспеншілігін ояту мақсатындағы ерекше кеш оқушылардың көңілінен шықты.



