oC
"Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша оқуға ұсынылған 100 кітаптың
ішінен Ы. Алтынсариннің " Кел, балалар, оқылық" әңгімелері жинағын 6 А
сынып оқушылары оқып шығып, ( пән мұғалімі Қосанова М) мазмұнын
талдады. Әңгімелердің идеясына тоқталып, кейіпкерлеріне мінездеме
берді. Оқушылар шығарма сюжеті бойынша рольдерге топтасып, қойылым
әзірледі. Сынып оқушыларының ұйымшылдығы, белсенділігі байқалды. Ы.
Алтынсарин әңгімелерінің тәлімін бойға жиып, рухани кітап оқу әлеміне
қадам басты.