Жастардың бойында Отан алдындағы қасиетті парызын оятуға, өз еліне, жеріне ғана қызмет етіп қоймай, елдің болашағын тәрбиелеу мақсатында құрылған "Жас Сарбаз" ұйымы өз жұмысын жалғастырады.
Біздің алдымызда өсіп келе жатқан жасөспірімдерді әскери-патриоттық қызметімізге көбірек тарту міндеті тұр. Біріншіден, өскелең ұрпақ әскери іс туралы базалық білім алуы керек. Олар физикалық дайындалған еліміздің патриот азаматы болып өсуі тиіс. Екіншіден, елімізде әскери білім алған резерв болуы керек. Үшіншіден, жастар бос сенделіп жүрмей, спортпен айналысып, техниканы, ақпараттық-технологияны меңгеріп өссе, бәсекеге қабілетті ел боламыз.
Мектебіміздің "Жас Сарбаз" ұйымы №253 мектем базасында орналасқан әскери-патриоттық мұражайда болып жәдігерлермен танысты.
{gallery}-43/1{/gallery}



