Ақселеу Сейдімбек. "Аққыз"
"Оқуға құштар мектеп" жобасының кезекті санында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сламхан Найля 7 «А» сыныбының оқушыларымен Ақселеу Сейдімбектің «Аққыз» повесі бойынша оқу сағатын өткізді.
Мақсаты: Ақселеу Сейдімбек шығармасымен танысып, сол арқылы әдеби шығарманың мазмұнын талқылай білуге үйрену.
Оқырмандар шығарманы оқи отырып автордың Аққыз бейнесі арқылы қазақтың даналығы мен даралығын, рухани тазалығы мен адамгершілігін көрсетіп отырғанын түсіне білді.
Көркем туындыда қазақ халқының тұрмысы мен тіршілігі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, еркіндігі,рухани шынайылығы, ел арасындағы болып жататын тартыс пен дау-дамай шешімдері де дәл суреттелген. Оқу сағатын «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» өлеңін оқумен қорытындылады.
{gallery}-43/2{/gallery}



