Мектеп президенті Аружан Қадырбай жүргізетін "Біз айтамыз..." ашық сараптамалық алаңының кезекті шығарылымында жастар, вэйп, құқық тақырыбында әңгіме өрбіді. Ашық алаң қонақтары:
Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығы директоры Алиби Басаров
Ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы Нұркен Дайрабаев.
Біз әр шығарылымда жасөспірімдер арасындағы мәселелердің жауабын іздеп, шешімін табуға тырысамыз.



