Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығының 69 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлығына сәйкес Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебі бойынша 573 1-4 сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Оқушыларға берілетін ас мәзірі Қазақ тағамтану академиясының Ұлттық салауатты тағамтану орталығының ұсынымына сәйкес белгіленген. Оқушыларға сапалы тағам беру ұйымдастырылуда. Тамақ беру кестесі оқу процесіне кедергі келтірмейді. Сабақ арасындағы үзілістерде тамақтанады. Жергілікті бюджет арқылы қаржыланады. Бұл жаңалыққа ата-аналар ризашылығын білдіріп, алғысын жаудыруда.
{gallery}/-58{/gallery}



