Темірбек Жүргенов 1898 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданының қазіргі Т.Жүргенов ауылында (бұрынғы Жаңаталап) дүниеге келген. Ол кезінде Ырғыз бен Сыр бойы аралығын жайлаған қалың елге белгілі болған, ел ұстаған билік иесі, өз заманының талабын аңғара білген көзі қарақты жан Қара Жүргенұлының бел баласы. Осындай дәулетті, тәрбиелі ортада өскен Темірбек өз кезеңі үшін тиянақты білім, ұлағатты тәрбие алды. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары «Темір-Нарком» атанған Темірбек Жүргеновтың есімі бүгінде иісі қазаққа етене таныс. Ол - Қазақстан мен Орта Азия республикаларындағы оқу-ағарту, мәдениет және әдебиет саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сыншы-көсемші. Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен "Асыл өнердің алып нары - Темірбек Жүргенов" атты 7"А" сынып (сынып жетекшісі Сламхан Н) оқушыларымен кітап көрмесі және 8"В" сынып (сынып жетекшісі Тұрғанбаева А) оқушыларымен іс-шара өткізілді.
{gallery}/-61{/gallery}



