oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-62
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images//-62

Жаңа жыл - балалар асыға және сағына күтетін ғажайып мереке. Барлығымыз Жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Мерекелік тартулар мен шырша тойы әр адамның, әсіресе балалардың жанын жадыратады, сиқырға толы мерекені сездіреді. Осы орайда Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебі оқушылары үшін жаңа жылдық шырша кеші ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында ертегі және мультфильм кейіпкерлері балалардың көңілдерін көтеріп, оқушылармен бірге ән айтып, би биледі. Барыс жылын ортаға алған оқушылар өткен жылғы қуаныштарымен бөлісіп, қоян жылына алдағы мақсаттарын айтты. Оқушылардың сәнді де көркем киімдері, жүзіндегі күлкілері мерекелік кешті әсерлі ете түсті. Құрметті балдырғандар, Жаңа 2022 жыл – барлық тілек пен үміттер орындалатын қуатты жыл болсын. Жаңа жыл бақытты болашаққа үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялатып, жарқын келешек сыйласын.

 {gallery}/-62{/gallery}