Тәуелсіздік көптен күткен бақытым,
Әзер жеткен баға бермес жақұтым.
Өркендей бер, пейілі кең қазағым,
Қалықтасын көк аспанда бақ құсым.
Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің кітапханашылары мектебіміздің 7"Ә" сынып (сынып жетекшісі Байдарбесова Салтанат) оқушыларымен А.С.Пушкин атындағы қалалық кітапханаға саяхаттап барып, "Тәуелсіздік — теңдесі жоқ байлығым!" атты көрмемен танысты. Көрмеде оқушылар Тәуелсіздіктің қалай келгені туралы мағлұматтармен танысып, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін айтты.
Мақсаты:
Оқушыларды еліміздің қысқаша тарихымен, мемлекеттік рәміздерімен таныстыру.
Елін, жерін, Отанын құрметтеуге, сүюге баулу.
{gallery}/-75{/gallery}



