oC

Дулат Исабеков. "Гауһар тас"

Дулат Исабековтың бұл повесі қазақтың халық әнімен аттас. Бірақ аты ғана ұқсамайды, бар болмысымен, сарынымен де салған әнге ұқсайды. Бір-біріне қарама-қайшы мінездердің бір шаңырақ астына жиналуынан пайда болған жағдаяттар баяндалып, сол аралықтағы көңілдер, сыртқа шыққан-шықпаған сезімдер бірте-бірте шашақталып, оқырман назарына ақырын-ақырын ілініп, тек соңында ғана толығымен айқара ашылады. Кітап жасөспірімдер мен ересектерге арналады.

"Мектеп театры" жобасымен байланыстыра отырып,оқушы "Гаухар тас" повесімен толық танысты деп сенемін!