Кітап – адамзат баласының сан ғасырлық ақыл-ойының, оқу арқылы жетілуінің, кемелденуінің арқасында қол жеткен дамылсыз даму үрдісінің жемісі, өткен тарихы мен өмірлік тағылым-танымының алтын сандығы.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Абылай хан атындағы #140 қазақ орта мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен "Көп оқы" атты кітап оқу сайысы болды. Сайысқа мектебіміздің барлық сынып оқушылары қатысты.
Яғни осы жылды қорытындылап, мектебіміздің ең көп кітап оқыған оқушылары марапатталды.
Мақсаты:
1) Оқушыларды кітап оқуға шақыру.
2) Кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3) Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы, күту ережелерімен таныстыру.



