Бүгін мектебімізде "Отбасы мектеп" штабының кезекті шарасы өтті. «Отбасы мектеп» штабы 2020 жылы қараша айында бастау алып Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі, Облыстық әйелдер кеңесі сынды әлеуметтік серіктес ұйымдар және ата-аналардың қатысуымен жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі шарамызға да арнайы қонақтарымыз және бала тәрбиелеуде, оның бойына білім мен өнерді қатар сіңіруде өзіндік орындары бар отбасы ата-аналары қатысты. "ОТБАСЫ.ТӘРБИЕ.МЕКТЕП: дәстүр тірегі" тақырыбындағы тәжірибе алаңының қонақтары Әбден Қарақат Жақсылыққызы – ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Каламкас Каримова Арыстанқызы – Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Жүнісова Шолпан Оралбайқызы - Облыстық білім басқармасының "Балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау" бөлімінің басшысы Алмашева Манат Тамабайқызы - VII шақырылымның облыстық депутаты, кәсіпкер Bainazarova Райкүл Мансұрқызы - Облыстық Әйелдер кеңесінің төрайымы, «Отбасы мектеп» штаб мүшесі Мұсаева Нұрсәуле Дүйсенбайқызы - Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, «Отбасы мектеп» штаб мүшесі Жумашева Гүлнар Хамзақызы – Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Садвакасова Жаннат Мылтықбайқызы – Қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы, Абай атындағы ДБА мектеп директоры Тоганова Жақсыгүл Қоханқызы - М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директоры Бимураткызы Жанар - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы Мектеп ата-аналары Нұрмаханов Нұрлан Көбегенұлы - "Әлімсақ" республикалық журналының бас редакторы Ахметов Руслан Жұмабайұлы - Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті оқытушысы Баймаханов Угым Санақұлы - Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театр актеры Отбасы мектеп штабының негізгі идеясы отбасы, оқушы, мектеп ынтымақтастығын нығайту болып табылады. Және бүгінгі шара штабтың жүйелі, қалыпты дағды негізіндегі жұмысының нәтижесі іспеттес көрінді. Тәжірибе алаңы барысында "Ғажайып театры" мүшелері оқыған кітаптары желісімен қойылым ұсынып көрермен ықыласына бөленді. Бүгінгі тәжірибе алаңының ерекшелігінің бірі мектеп әжелері қазақ тарихының тереңінен орын алып, бүгінгі күні ұмытылып бара жатырған салтымыз, қыз баланың құлағын тесу рәсімін жасап, салт-дәстүрімізді жаңғыртты. Кеш қонақтары Қарақат Жақсылыққызы, Нұрсәуле Дүйсенбайқызы, Гүлнар Хамзақызы және Жаннат Мылытықбайқызы қыздарымыздың құлақтарына сырға салып, бата берді. Жас ұрпақ – біздің өміріміздің тікелей жалғастырушысы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Бала тәрбиесіндегі міндетін бұлжытпай орындап, көпке үлгі болып жүрген мектеп ата-аналары да өз кезегінде "Отбасы штаб" жұмысына тоқталып, сөз алды Мектеп ата-анасы, қамқоршылық кеңесінің төрағасы, белгілі журналист Нұрлан Көбегенұлы отбасындағы бала тәрбиесіне тоқталып, балаларының өнерімен таныстырды. Жыршы, жырау Руслан Жұмабайұлы отбасы күйден шашу шашып, терме орындап қонақтардың қошеметіне бөленді. Театр актеры, мәдениет саласының үздігі, мектеп ата-анасы Ұғым Санақұлы отбасымен сахналық қойылым көрсетіп, шеберлігін тағы бір дәлелдеді. Ата-аналар мектеп пен ата-ана ынтымақтастығының жұмысы жүйелі жүргізілетінінің дәлелі ретінде "Кел, оқиық", "Қауырсын қалам" жобаларымен байланыстарын атады. Біз отбасы және мектеп болып ұрпағымыздың бойында ұлттық тәрбиені, имандылық қасиеттерді жетілдірсек, сонда ғана халқының салтын жақсы білетін, ата-анасын сыйлайтын, ел үшін еңбек ететін азаматты қалыптастырамыз.
{gallery}-78{/gallery}


