oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-/-5
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-/-5

Мектебіміздегі кезекті поэзия кеші сыр ақындары мен сырдың сұлу әнші қыздарының қатысуымен өтті. Оқушыларға поэзия құдіреті арқылы қазақтай ұлы халықтың болмысы мен бітімінің ұлылығын дәріптеуді мақсат еткен бұл кешке Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті тәрбие бөлімінің басшысы, облыстағы поэзия кештерінің қозғаушысы Жанар Бимұратқызы, сөзінің күші уытты ақын Ақжол Түменбай, поэзия әлемінде өзінше өрнектері бар жас ақындар Жамбыл Бақытәлі, Бексұлтан Санақұл, Әли Асқар қатысып жас өрендерге бағыт беріп, әдемі өлеңмен көркемдеді.

Кештің сәнін әсем де қоңыр дауысты әнші қыздар келтіріп, керемет көңіл күй сыйлады. Оқушыларымыз да қазақ классиктері мен сыр ақындарының өлеңдерін оқыды. Қазақ поэзиясының жүректен шыққан нәзік лиризм мен сананы сілкіндірер шыншыл сезімге толы өлеңдер оқылған кештің берері мол.

-Барлық кеш қатысушыларына зор алғысымызды айта отырып, мұндай кештер алдағы уақытта жалғасын тауып, дәстүрге айналдырғымыз келеді, - деді кеш ұйымдастырушысы, қазақ тілі пәні мұғалімі Жулдызай Музарапшина

{gallery}-/-5{/gallery}