Бүгін мектебімізде кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында «Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті» атты оқушыларды мамандыққа бағыттауға арналған алаң өткізілді.
Басты СПИКЕР: Қызылорда қаласындағы ІТ парк орталығының басшысы Алмат Куанышбаев.
Дүниежүзілік IT саласының маңызы мен алар орнына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, қазіргі таңда сұранысқа аса ие мамандықтар тізбесіне шолу жасап, оқушыларға нақты ақпараттар ұсынды. Әртүрлі сайттармен таныстырып, Z ұрпақтардың сұраныстарын тыңдады.
Алаңға арнайы шақырылған қонақ-Облыстық медициналық орталығының дәрігері, мектеп түлегі, ата-ана Дүйсенбаева Гүләйім Қосбармаққызы. Ол өз мамандығының қыр-сырымен бөлісті. Дәрігер мамандығын таңдаған білім алушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап берді.
«Құқық қорғау мәселесі қай кезеңде де назардан тыс қалмауы тиіс. Мен құқық қорғау азаматы болам»,- деген оқушылардың да сұранысы назарда. Бұл үшін осы жиынға полиция аға инспекторы Спандияр Біржан Сержанұлы шақырылған болатын. Қиындық пен қызыққа толы мамандығы туралы баяндап, оқушыларды нағыз өз елінің патриот азаматы болуға шақырды.
Арнайы алаң барысында 8-9 сынып оқушылары еркін, ашық ой білдірді. Білікті мамандардың пікірін тыңдаған болашақ мамандар постер жасап, ойларын ортаға салды.
- Ашық сұрақтар
- Еркін микрафон
- Жаңа мамандықтар презентациясы
- Тартысты пікірталас
{gallery}-/-6{/gallery}



