Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау айрықша маңызды. Осы орайда бұл бағыттағы жұмыстарға барынша күш салып, балаларға қолайлы жағдай жасау бағытында мектебімізде тиісті қадамдар жасалып келеді. Себебі білімді ұрпақты тәрбиелеу жолында ешқандай кедергі болмауы керек.
Ерекше балаларды қолдаудағы мәселелердің бірі білім алу үшін арнайы жағдайды құруға байланысты. Осы негізде мектебімізде 3 бөлімнен тұратын "Әлеуметтік орта: жеке тұлға" тақырыбында әлеуметтік жәрмеңке өтті. Аталмыш шараға арнаулы қонақтар шақырылып іс-тәжірибесімен де алмасты
Ұзақбаева Жапырақ Бегімбайқызы – Қызылорда облыстық бала құқықтары жөнінде уәкіл
Жүнісова Шолпан Оралбайқызы - Қызылорда облыстық білім басқармасының «Балалар мен жасөспірімдерді қорғау» бөлімінің басшысы
Бекжанова Бақытжамал Жорабекқызы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемелік кафедра меңгерушісі
Мұсаева Нұрсәуле Дүйсенбайқызы - Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы
Скакова Лиза Ноғайқызы – «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы директоры
Бисенова Маржан Қылышбайқызы - Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі директорының орынбасары
Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиал доценті, психология ғ. к.
Ахметова Гүлжан Ауезханқызы - №2 ПМПК маманы
Қалжанова Айдана Қалиқызы - №2 ПМПК маманы
Алғашқы бөлім: «Social Fair: әлеуметтік жобалар және қолөнер»
- Синергия (Ерекше жандардың әлеуметтік жобасы)
- «Demeu» жәрмеңкесі.
"Demeu" жәрмеңкесінде мектебіміздің ерекше білім беруді қажет ететін талантты, өнерлі оқушысымыз Еркін Маржанның қолөнер бұйымдары, суреттері, ермексаздан жасалған мульткейіпкерлері мен арнайы жоба арқылы қолға алған сабындары көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар ерекше жандардың әлеуметтік жобаларының таныстырылыма жасалды.
Келесі бөлім ерекше білім берудегі оқу мен оқытудың технологияларына негізделіп, келесідей бағыттарда сабақ үлгілері көрсетілді
- Ағартушылық бағыт: «Компьютерлік жады» (информатика пәні мұғалімі С.Байдарбесова)
- Әдістемелік-диспетчерлік бағыт: «10-ға дейінгі сандарды қосу және азайту (бастауыш сынып мұғалімі А.Караева)
- «Signs relating to travel» (ағылшын тілі пәні мұғаімі П.Несіпбаева)
- Түзете-дамыту бағыты: ЕББҚ бар балаларға түзете-дамыту жұмыстарының әдіс-тәсілдері (мектеп дефектологы Қ.Сейтжапбарова)
Мұнда ерекше білім берудегі оқу мен оқытудың технологияларын көрсетуге бағытталып, мектеп ұстаздары жаңа идея, әдістерін кқрсетті. Бізліғ алдымыздағы маңызды талаптардың бірі баланы жалпы білім беру ортасына қосқан кезде лайықты деңгейде сүйемелдеу болып табылады.
Бүгінгі шараның ІІІ бөлімі "ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ қалыптастырудағы ОРТА, ОТБАСЫ, МЕКТЕП" тақырыбындағы "Отбасы мектеп" штабының кезекті отырысына жалғасты.
Штаб жұмысы аясында ерекше білім беруді қажет ететін балалардың жекелік мүмкіндіктерінің ескерілуі, сапалы білім алудағы тең құқығы, педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетілуі, оқытудың ерекшеліктері мен көмек және жағдай жасау төңірегінде әңгіме өрбіді және спикерлер келесідей тақырыптарда ой бөлісті
- «Бала құқығы-басты назарда» - Ұзақбаева Жапырақ Бегімбайқызы
- «Ерекше балаларға-ерекше тәсілдер» Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы.
- «Кітап оқу мәдениетін қалыптастырудағы ата-ананың рөлі» - Меңдібай Талғат Амангелдіұлы.
Бүгінгі жұмыстар мен шебер сыныптарды қонақтардан бөлек ZOOM платформасы арқылы қала мектептерінің оқушылар мен ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ата-аналары да тамашалады.
Мемлекетіміздің әрбір aзaмaты – ұлттық құндылық, әрбір бaлacы – еліміздің ертеңі екенін еcкерcек, әрбір ерекше білім беру қaжеттілігі бaр oқушылaр caпaлы білім aлып, aзaмaт бoлып қaлыптacуынa жaғдaй жacaу міндетіміз бoлып тaбылaды.
{gallery}-/-7{/gallery}
«Ел есінде бір жыл қалғын келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Әрбір адамның бойында қандайда бір қабілет немесе дарындылығы, не болмаса икемділігі болады. Бірақ барлығы бірдей оны байқай білмейді. Бұлақ көрсең көзін аш деп халқымыз бекер айтпаған, біреудің жұлдызын жағуға көмек беру ол әрбір адамның міндеті.
Бала бойынан ерекше қабілетті байқап, оны дамыту, түзету, бағыт-бағдар бере отырып, оны қоғамдық ортаға бейімдеу арқылы шын таланты мен дарынын аша аламыз. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар қоғамнан алыс болмауы керек. Мұғалімнің бірінші мақсаты баланы таңғалдыру, оның қабілеті мен қызығушылығын ояту. Одан кейін мұғалімнің баланы қабілетін ашудағы жемісі.
Осы орайда мектебіміздің 8 сынып оқушысы Еркін Маржанның ерекше қабілеттілігін байқай отырып, Social fair: «Demeu» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жармеңке барысында Маржанның қолдан жасаған бұйыдары көпшілік назарына ұсынылып, қатысушылардың көңілінен шықты. Жүрегі мейірімге толы жомарт жандар Маржанның колөнер бұйымдарына қызығушылық танытып, демеушілік көрсетті.
Алдағы уақыттта Маржаннын денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында ем алуға баратындығын ескере отырып, пейілі кең жандар, Сіздерді, демеушілік жасауға шақырамыз.
Әр бала –бір шамшырақ!
Реквизиты: 4400 4301 8131 9945
Каспий голд: 8 777 159 90 00 Гульнара Б.
{gallery}-/-8{/gallery}



