Бүгін мектебімізде «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫ: ЖАҺАНДЫҚ ЖАҢАРУ» тақырыбында облыстық форсайт-сессия отырысы өткізілді. Мектеп президенті Аружан Қадырбай қонақтарды қарсы алып, мектептің тыныс-тіршілігімен танысты. Өрлеу БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ әдіскері Мыханова Орынкул Жуматаевна және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жаратылыстану институтының директоры Ахатаев Нұрлыбек Ақарыстанұлы, химия ғылымдарының кандидаты Балықбаева Гулжан Төлепбергенқызы, Педагогика ғылымдарының магистрі Унгарбаева Гульшат Рамазановна, Қызылорда Қаласының Білім Бөлімі әдіскері Амантаев Нұрқанат Ақылбайұлы шараға арнайы шақырылды. Сондай – ақ, аталған шараға облыстағы жаратылыстану бағытындағы химия, биология, география пән мұғалімдері қатыстырылды.
Мектеп жұмысы 3 бағытқа бөліп көрсетілді.
Оқу-әдістемелік
Тәрбие-қоғамдық жұмыстар
Ғылыми-ізденіс бағытындағы жұмыстар.
Аталмыш шара «Green Study» жылыжай орталығында және «Метеорология алаңындағы» тәжірибелік зертханалық жұмыспен басталды. Мектеп оқушылары жылыжайда және метеорологиялық алаңда зертханалық бағыттағы жұмыстар таныстырылды.
ТӘРБИЕ-ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАР:
Мектебіміздің басты ерекшелігінің бірі ретінде тәрбие бағытындағы негізгі 6 кіші мектепті атауға болады. Мектеп парламенті мүшелері қонақтарды кіші мектеп жұмыстарымен таныстырды.
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР:
Оқу-әдістемелік бағытта жаратылыстану пән бірлестігінің мұғалімдері шебер сынып көрсетіп пән бойынша мәселелі сұрақтар төңірегінде тәжірибелерімен бөлісті. «Кибербілім беру және оқыту» тақырыбында химия пәні мұғалімі Г. Ботпанова, «Биология метатанымы – функционалдық сауаттылық» тақырыбында биология пәні мұғалімі Ж.Бошайбек, М.Омарова, «Цифрлық білім беру геосферасы» тақырыбында география пәні мұғалімі Н. Қалиева шебер сынып көрсетті.
ҒЫЛЫМИ-ІЗДЕНІС ЖҰМЫСТАР:
Облыстық білім басқармасының басшылығымен ашылған «Ғылыми бағдар беру шеберханасы» аясында ғылыми жұмыстар галериясы көрсетілді. Облыс көлемінде ғылыми жұмыстар мен олимпиада резервтері базасының іріктелу жұмыстарына тоқталды.
ҚАЗІРГІ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: Инновациялық технологиялар» форсайт-сессиясы.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ әдіскері Мыханова Орынкул Жуматаевна форсайт-сессиясын жүргізді. Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен бірге құрылған әлеуметтік-серіктестік келісім негізінде орталық өз жұмысын жүйелі жүргізіп келеді. Осы ретте университеттің Балықбаева Гүлжан Төлепбергенқызы, Унгарбаева Гульшат Рамазановна, Ахатаев Нұрлыбек Ақарыстанұлы шараға қатысып, мектеп мұғалімдеріне ғылыми-әдістемелік форсайт-сессиясын өткізді. Әр топ сессия тақырыптарына сай пікір білдіріп, ашық ой пікірлер айтылды.
Форсайт ережесіне сәйкес қатысушылар топта талқылап, нәтижелі ой білдірді. Ғылым жолындағы нақты проблемалар ұсынылып, шешімдерін табу жолдары қарастырылды.
Шара соңында мектеп директоры Мусабаева Айгүл Нажмадинқызы сөз сөйлеп, шара қонақтарына және қатысушыларға алғысын жеткізді. Бұл мектептің ғылыми-әдістемелік дамуына, оқушыларлың ғылыми-ізденіс жұмыстарымен үздіксіз айналысуына жол ашты.
{gallery}-/-30{/gallery}



