24 наурыз күні Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінде кезекті педогогикалық кеңес болып өтті. Педагогикалық кеңеске Қалалық білім бөлімінің бас маманы Туякбаева Жадыра Акбаровна қатысты.
Күн тəртібінде:
ІІІ тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы, электрондық сынып журналының толтырылу мониторингі;
Жауапты: М.Токтамуратова, Г. Ахметова
11 сынып оқушыларының ҰБТ ке дайындық деңгейі. Салыстырмалы қорытындысы. Жауапты: М.Токтамуратова. Сынып жетешілері
2022-2023 оқу жылындағы Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінде 6 кіші мектеп бойынша жобаларды іске асыру;
Жауапты: А.Оспанова
І-ІІ жартыжылдық бойынша ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жасалған жұмыстар есебі;
Жауапты: Қ.Сейтжаппарова, Ф.Рысбаева
1 сыныптқа жаңа оқу жылына құжат қабылдау түсіндірме жұмыстары
Жауапты: Ахметова Г.
ІІІ тоқсан бойынша оқушылардың үлгерім білім деңгейін директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Манат Токтамуратова таныстырып өтті . Сондай-ақ, 11 сынып оқушыларының сынама тест қорытындысын арнайы сараптап, пəн мұғалімдеріне ескертілді. Бітіруші түлектердің "Үздік аттестатқа" ұсынылуы пəн мұғалімдерінің ұсынысымен мақұлданды.
Қазіргі күні мектебімізде 6 кіші мектептің жолға қойылып, нәтижеге жетуі көңіл қуантады. Тәрбие мен білім егіз ұғым десек, тәрбие бағытындағы жобалар оқушылар үшін таптырмас тәрбие құралына айналып отыр.
ЕББҚ оқушылар мектебімізде 40 оқушыны құрайды. Осы орайда өткен жартыжылдық бойынша аталған оқушылармен қалалық, облыстық деңгейдегі іс-шаралар жүргізілді. Алдағы уақытта да ерекше оқушыларға ерекше көңіл бөлінетін болады.
1 сәуірден келесі жаңа оқу жылына құжат қабылдау науқаны басталады. 1 сыныпқа құжаттар қабылдау электронды түрде жүргізілетін болады.
{gallery}-/-41{/gallery}



