Мектеп оқушылары арасында өткізілген дәстүрлі қалалық спартакиадасының "Волейбол" спорт түрі бойынша Абылай Хан Атындағы Мектеп оқушыларынан құралған команда жүлделі ІІ орынды иеленсе, "Үздік үйлестіруші" номинациясымен 10 сынып оқушысы Бектемір Бексұлтан марапатталды. Команда жетекшісі дене шынықтыру пәні мұғалімі Қалжанов Азамат.
Салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақты спортпен және дене шынықтырумен белсенді шұғылдануға тарту – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі. Жастардың, бүкіл ұлттың денсаулығы, еліміздің қуаты көп жағдайда оның табысты түрде жүзеге асуына байланысты. Осы орайда мектебіміздің мақтаныштары, жас спортшыларымызды құттықтаймыз!
{gallery}/7410/3{/gallery}



