5 сәуір күні 4 "Г" сыныбында Әдебиеттік оқу пәнінен "Ғарышқа сапар" тақырыбында кіріктірлген сабақ болып өтті.
Пән мұғалімі: Пауадинова Назигуль
Сабақтың мақсаты: Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету.
Шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру тапсырмалары тыңғылықты орындалды. Шығармашылық тапсырмалар сызба, диафильм, презентация түрінде ұсынылды.
Топтық жұмыстармен шығарма мазмұнын талдау, кейіпкер образын саралау жинақтау, даралау жұмыстары жүргізілді.
Бағалау жұмыстары жақсы жүргізілді. Оқушылар өте белсенді болды.
{gallery}/7410/13{/gallery}



