18 Сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай тарихи-мәдени мұраларды насихаттауға бағытталған іс-шара аясында «Абылай хан –ақиқат пен аңыз» тақырыбында 9 Б сыныбы оқушыларымен Жанабергенова Жанардың ұйымдастыруымен танымдық –тарихи сабақ болып өтті.
Мақсаты:
Ежелгі тарихи ескерткіштерді, киелі орындарды білу арқылы оқушыларда
тарихи таным қалыптастыру. Тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын түсіндіру
Тарихи танымға — өз ұлтының әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін, ән мен күйін, елге қасиетті тұлғаларды, дала аңыздарын білу жатады.
Тарихи таным оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа отансүйгіштікке тәрбиелейді.
Қазақ жеріндегі тарихи ескерткіштерді білу, оның тұрғызылуы себебін және тұрғызған адамдарды білу оқушыларға өз халқымен, өз Отанымен мақтануға және биік рухта тәрбиеленуге көмектеседі.



