"Бірлік бар жерде - тірлік бар"
"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу, біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру мақсатында "Ынтымақты елдің ырысы мол" тақырыбында сынып сағаттары өтті.
{gallery}/-83{/gallery}



