Ә.Тәжібаев атындағы Облыстық әмбебап кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы Т.Әбдікұлының «Әке» шығармасына талдау ұйымдастырылды.
Шараға Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің 7"Ә" сынып оқушысы Сақтапберген Кәусар(жетекшісі Бегман Махаббат), 6"Ә" сынып оқушысы Нұрлан Нұрисла (жетекшісі Сатыбалдиева Гулмира) қатысты.
Шара барысында жазушының өмірі мен қызметіне арналған бейнебаян көрсетіліп, «Әке» шығармасына талдау жасалды. "Ақиқаттың ақберені" атты кітап көрмесімен танысты. Шара соңында оқушыларымыз Сақтапберген Кәусар мен Нұрлан Нұрисла және жетекшілері Бегман Махаббат пен Сатыбалдиева Гулмира "Алғыс хатпен" марапатталды.
{gallery}1000-7/4{/gallery}



