Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде 2023 жылдың 26 мамырында дәстүрлі түрде өтетін 2022-2023 оқу жылында білім көкжиегін бағындырған талантты да дарынды шәкірттерімізді, жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиада, ғылыми жоба, өнер, спорттан шашасына шаң жұқтырмаған жеңімпаздарымызды және шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген ұстаздарымызды марапаттауға арналған «Жұлдыздар шеруі» өтті. Салтанатты шараны мектеп директоры Мусабаева Айгуль Нажмадинқызы ашып, ұстаздарға, оқушыларға жылы лебіз, ыстық ықыласын білдірді.
Үздіксіз ізденіс пен тынымсыз еңбек нәтижесінде жыл көлеміндегі
ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР бірнеше бағытта марапатталды.
Республикалық пәндік олимпипда жүлдегерлері
"Зерде" ғылыми жоба жеңімпаздары.
Облыстық " Дарын" ғылыми жоба байқауының жүлдегерлері.
" Юниор" олимпиадасы жеңімпаздары.
Түрлі өнер, көркем сөз жарыстарының үздіктері.
Жалпы пәндер бойынша олимпиада, ғылыми жоба, түрлі байқаулар мен өнер,спорт саласында жеңіске жеткен 100 ге тарта жүлдегерлеріміз "Мектеп үздігі" медальдарымен марапатталып, ата-анасына мектеп басшысы атынан алғыс беріліп, кәсіподақ ұйымы тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.
"Жұлдыздар шеруі" үздік мұғалімдерді марапаттау рәсімімен жалғасты.
"Үздік пән мұғалімі" наминациясымен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзалиева Балжан Ерлановна.
"Үздік жаңашыл педагог" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Музарапшина Жулдызай Маралбековна.
"Үздік шығармашыл ұстаз" география пәні мұғалімі Ахметова Жазира.
"Үздік пән бірлестігі" Жаратылыстану бірлестігі.
"Үздік мектеп жанашырлары" Дене шынықтыру" бірлестігі.
2022-2023 оқу жылының жаңалығы ең үздік оқушыларға "Қорқыт ғалымдары" стипендиясы тағайындалды.
Оспан Талшын - Облыстық " Мұқағали оқулары" бас жүлде иегері.
Облыстық " Әбіш оқулары" ІІІ орын.
Қалалық Әбіш оқулары І орын.
Қалалық " Ілияс оқулары" ІІІ орын иегері.
Базарбай Динара - Облыстық " Дарын" ғылыми жобасының І орын және ІІ орын иегері. Қалалық " Ғылым" ғылыми жоба байқауының ІІІ орын иегері.
Көлбай Айару - Облыстық "Мұқағали оқулары" сайысы І орын. Қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы ІІІ орын. Ахмет "Байтұрсынұлы тіл тұғыры" атты мүшайрадан ІІІ орын.
Есжанов Шахсұлтан "Мектеп театры" мүшесі. "Ақберен" шығармашылық сайысы ІІІ орын иегері.
Мектеп абыройын асқақтатып, намысын қорғаған барлық шәкірттеріміз бен ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Әрдайым жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер! Мектебіміздің абыройын асқақтатып, жеңіс туын желбірететін білімді шәкірттеріміз көбейе берсін!
{gallery}1000-7/5{/gallery}



