26 мамыр 2023 жыл
Қазіргі таңда елімізде балалардың қауіпсіздігі басты назарға алынуда, сол себепті бала қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамаған жөн. Балалардың қатысуымен көптеген қайғылы жағдайлар орын алуда. Соның ішінде суға шомылу маусымына байланысты түрлі қайғылы хабарламалар жиі айтылып, жыл сайын олардың саны көбеюде.
Жазғы демалыс кезеңі балалардың бос уақыты көбейетін маусым. Сондықтан оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, оқыс оқиғалардың алдын алу үшін тиісті сала мамандарымен кездесу өтті. Кездесуге төмендегідей мамандар қатысты.
Қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция капитаны Ахметов Бекжан
Төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғаныс тобының офицері, лейтенант Бақдәулет Бейжұма
Жедел құтқару жасағының сүңгуірлік құтқару бөлімшесінің басшысы Абдикалыков Ролан
Облыстық жастар денсаулығы орталығы валеолог маманы Арай Алтаева және психолог маманы Еркебұлан Әбсамат.
Жиналыс барысында суға түсу кезеңіндегі сақтық шаралары жан-жақты түсіндіріліп, арнайы суға түсуге арналған жабдықтарды дұрыс пайдалану, суға түсуге арналмаған су айдындарының қаупі туралы айтылды. Сонымен қатар Облыстық жастар денсаулық орталығы мамандары денсаулықты күту, жаман әдеттерден бойды аулақ ұстау тақырыбында сөз қозғады
{gallery}1000-7/6{/gallery}



