23 мамыр 2023 жыл
Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектеп кітапханашылары "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектебіміздің 8"В" сынып (сынып жетекшісі Тұрғанбаева Ә) оқушыларымен "Халық қаһарманы" Қасым Қайсенов жайлы "Қаруын қаламмен ұштастырған" тақырыбында іс-шара өткізді.
Шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, аты аңызға айналған батыр, "Халық қаһарманы", "Отан" орденінің және А.Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері Қасым Қайсеновтың өмір жолдары мен Ұлы Отан соғысындағы қиын-қыстау кезеңдері мен қарапайым жауынгерлердің ерлігін шынайы баяндайтын көптеген шығармалары туралы мәліметтер берілді.
Шараға А.С.Пушкин атындағы кітапхананың кітапханашылары қонаққа келді. Мектеп кітапханашысы Маманова Салтанат көрмемен таныстырды. Оқушылармен сұрақ жауап алмасып, ой пікірлерімен бөлісті. Ал шара соңында мектеп кітапханашысы Бегман Махаббат партизан жазушысы жайлы "Ол тек жауынгер ғана емес, Халық қаһарманы, көрнекті қаламгер ретінде біздің мәңгі есімізде қалады" деп өзінің жылы естелігімен сөзін аяқтады.
{gallery}1000-7/10{/gallery}



