oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/1000-7/16
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/1000-7/16

Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. "Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала" деп ер адам тәрбиесін тілге тиек етеді. Өйткені әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. Ал әке мектебінен өткен бала сол мұраға қиянат жасамауға тырысады.

             Бүгінгі 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні қарсаңында Қызылорда облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, Қызылорда Қаласының Білім Бөлімі,  Ардагерлер кеңесі және Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің ұйымдастыруымен «Ата ақылы – асыл мұра» тақырыбындағы ер балаларға арналған "Отбасы мектеп" штабының лекториі өтті.

Шараның алғашқы бөлімінде мектеп оқушылары шара қонақтарын Green_study жылыжай ғылыми-зерттеу орталығы,  Метеорология тәжірибелік-зерттеу алаңындағы жұмыстарымен таныстырып, тәжірибелік зерттеулеріне шолу жасады. Келесі бөлім отбасы мүшелері арасындағы сыйластық, үлкенді құрметтеу, ата мен әкені қадір тұту, отбасы берекесі мен отбасылық дәстүрлер, бауырмалдық, туысқандық, салт-дәстүр сабақтастығы, сүйіспеншілік құндылықтарды қалыптастыру бағытында өрбіді. Аталмыш шараға арнайы шақырылған қонақтарымыз қатысты.

Нурсауле Мусаева Дүйсенбайқызы - Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, «Отбасы мектеп» штаб мүшесі

Мұхтар Ниязов Мәуленұлы - Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының директоры

Dilmukhamed Abizov – Қызылорда қалалық мәслихат депутаты

Дүйсенбаев Серік – Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Ермағанбетова Күләй - Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы орынбасар

Ибраев Бауыржан Әшімұлы – Қызылорда ОПД-ң ЖПҚ-ң бастығы полиция полковнигі

Амитов Шамшидин Егенбердіұлы - Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.

Мектеп қабырғасында оқушылардың қызығушылығы мен бейінділігіне қарай бірнеше әлеуметтік жобалар жұмыс жасауда. Бұл жобалар оқушы тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Себебі, кез-келген жоба жасау арқылы, оқушылар өмірге қажетті топта жұмыс жасау, көшбасшылық ету, эмоционалды зият, шешім табу, жоспарлар және де мақсат қойып, мақсаттарға қол жеткізеді, дағдыланады. Жоба қатысушылары қонақтарға Оқуға құштар мектеп жобасы аясындағы  «Кел оқиық,  Қауырсын қалам» айдарлары және  Менің_өмірімдегі мақал мәтелдер,  Ұлы тұлғалардың нақыл сөздері жобаларын таныстырды.

Расында "Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ" деген бір ауыз сөзге бабамыз бүкіл тәрбиенің бастауын сыйғыза білген. Асқар таудай әкесін пана тұтқан бала қорқақ, жасқаншақ болмасы белгілі.

Шара қонақтары осы тақырыпта кеңінен ой қозғап, қатысушы ер балаларға ақыл-кеңесімен бөлісіп, өз тәжірибелерінен мысал келтіре отырып жеткізді.

Қазақта «Отан – отбасынан басталады» деген дана сөз бар. Шынында да әр азамат үшін Отан деген ұғымнан кейін отбасы тұрады. Отбасы Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, ортаға қосатын маңызды орта. Сондықтан қоғамның парасаттылығы, еліміздің Тәуелсіздігінің беріктігі тікелей отбасындағы тәрбиеге байланысты. Мектебіміздегі Парасатты_отбасы жобасы да жақсы құндылықтарды бала бойына сіңіруде аянбай жұмыс атқарып, аталар, әкелер және ағалар кеңестері сәтті жұмыс жасауда. Атап айтқанда аталар кеңесінің жетекшісі Б.Нұрмұратов «Адалдық алаңы» жобасы бойынша оқушылармен атқарған жұмыстарымен таныстырды, әкелер кеңесінің жетекшісі С.Шериев шәкірттерін еңбекке баулып, оқушылармен бірге жасаған қолөнер бұйымдарынан көрме ұсынды, ағалар мектебінің жетекшісі Ж.Сүлейменов жас ұрпақты үйірме жұмыстары арқылы ән-күй өнеріне баулып келеді және шарада шәкірттері күй орындап көпшілік ықыласына бөленді.

Бата сұрау – байырғы қазақ халқынан бүгінгі күнімізге дейін еш үзіліссіз жалғасып келе жатқан дәстүр. Айтулы шарамыз қарияларымыздан ақ батасымен тәмамдалды.

{gallery}1000-7/16{/gallery}