Мектеп жанындағы "Балдәурен" лагері өз жұмысын бастады. 80 оқушы қабылдаған алғашқы күні лагерь келушілері үшін ашылу салтанаты болып, балмұздақтар үлестірілді. Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын ұстана отырып, бала бойына бар жақсыны беруде тәрбиешілер, ұстаздар, мектеп ұжымы барынша белсенді атсалысады. Болашағымыз - балалар аман болсын. Барлық бала бақытты болуы үшін жаралған.



