oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/1000-7/21
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/1000-7/21

Қазіргі таңда әлемде балалар еңбегі маңызды мәселе болып отыр. Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) мәліметінше дүниежүзінде 215 млн бала еңбекпен шұғылданады. Ол балалардың дамуы мен білім алуына кедергі келтіріп, болашақтарына зор кесірін тигізеді. Ауыр жұмысқа ерте жастан араласқан балалардың басым бөлігі физикалық және психологиялық тұрғыдан зиян шегіп, келешек өміріне қауіп тудыратын халді бастан кешуде.

Бала еңбегін пайдалану барлық мемлекетте кеңінен етек жайып келеді. Жүргізіліп жатқан зерттеулер нәтижесіне көз тіксек, бала еңбегі масштабының артып келе жатқанын байқаймыз. Еркін нарықтың артуымен қатар заңсыз жұмыс жасайтын жұмысшы балалардың саны да қарқынды өсуде.

Бала еңбегінің қаналуы жайлы айтпас бұрын, бала еңбегі деген не? Ол еңбектің ең нашар түрлері қандай? Осындай басты сауалдарға кеңінен тоқталып өтейік. Сонымен, бала еңбегі деген не?

Балалар еңбегіне - барлық шартар мен міндеттер бойынша орындалуы балалардың денсаулығына, ақыл- есіне, мінез- құлқына зиян келтіретін немесе білім алуына кедергі келтіретін кез-келген жұмыс түрлері жатады . «Балалар еңбегі» ұғымы өзіне психологиялық, физикалық, әлеуметтік –адамгершілік қатынастарға зиян келтірудің себебі болатын және қауіпті, ақылы әрі ақысыз жұмыстар жатқызады. Халықаралық, ұлттық заңдармен тыйым салынған,орындалуы балалар өміріне қауіпті,әрі зиян келтіретін қызметтер балалар еңбегі болып қарастырылады.

Жас шыбыққа да су құйып баптамаса, жайқалып өспейді. Ендеше, балалар ересектер тарапынан күтім мен сүйіспеншілік күтетінін естен шығармайық.

{gallery}1000-7/21{/gallery}