Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – білім алушылардың жалпы орта білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. 9-11 сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауды негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларына сәйкес тапсырады.
Білім алушылары 2022-2023 оқу жылының қорытынды емтиханын 2-19 маусымда тапсыратын болады.
2 маусым куні негізгі орта білім бойынша мектепті 119 білім алушы қазақ тілі пәнінен емтихан тапсырып отыр. 3 оқушы денсаулық жағдайына байланысты босатылды. Емтихан талаптарына сай 2 астрономиялық уақыт берілді. 2 нұсқада тапсырмалар алынды. Барлық емтихан талаптары сақталды.
Білім алушыларымызға алдағы ҚОРЫТЫНДЫ БІТІРУ ЕМТИХАНЫНА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!
{gallery}1000-7/23{/gallery}



