Бүгін мектеп түлектері үшін тарихи күн. Бұл оқушы өміріндегі ең ерекше сәт. Себебі, оқушылар үшін орта білім туралы аттестат тапсыру салтанаты өтті. 11 жыл бойы мектеп қабырғасында алған білім мен тәрбиенің таразыға түскен сәтінде жоғары көрсеткішке жетіп, сенімді ақтаған түлектеріміз бен сол түлектердің бойына білім нәрін сепкен ұстаздар қауымына қандай құрмет, қошемет көрсетілсе де артық емес.
Салтанатты жиынға мектеп оқушылары, ата-аналары мен ұстаздар қауымы қатысты. Мектеп директоры Мұсабаева Айгүл Нажмадинқызы мектеп қабырғасынан жаңа өмірге қадам басып, алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұрған бітіруші түлектерге ізгі тілек, ыстық лебізін білдірді.
Құрметті егемен елдің ертеңі, жас түлек, өздеріңіздің құрметтеріңізге арналған мектеп бітірушілердің кеші осымен аяқталды. Ұлы жолдағы сапарларыңыз нұрлы, болашақтарыңыз жарқын болсын!
{gallery}000i/6{/gallery}



