БІРІНШІ СЫНЫПҚА ОҚУШЫ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
Құрметті ата-аналар!
Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде 2023-2024оқу жылына 1-сыныпқа оқушы қабылдау жалғасуда.
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден бастап Egov.kz электрондық үкіметінің порталы арқылы электронды форматта жүргізілуде.
1-сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын (2017жылғы) балалар қабылдануда.
Қажетті құжаттар:
- Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- Бала денсаулығы паспорты"(026/у-3нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 3×4 көлеміндегі 2 фото.
14-25 тамыз аралығында 1-сыныпқа қабылданатын балаларды мектеппен таныстыру, мектепке бейімделуін ұйымдастыру мақсатында «БАЛАҚАЙЛАР СЫНЫБЫ» өз жұмысын бастайды.(мектепалды даярлық сыныбында болмаған балалар үшін)
Балаңыздың біздің мектепте білім алғанын қаласаңыз, сіздерді күтеміз!



