«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН:САПАЛЫ БІЛІМ;АДАЛ ҰРПАҚ,ТАБЫСТЫ ҰЛТ» тақырыбында өткен облыстық білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінде АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ №140 ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІ, «ҒЫЛЫМИ БАҒДАР БЕРУ ШЕБЕРХАНАСЫ» пилоттық жобасы аясында атқарылған жұмыстар таныстырылды.
«ҒЫЛЫМИ БАҒДАР БЕРУ ШЕБЕРХАНАСЫ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ: Мұғалімдер мен дарынды оқушылар ғылыми зерттеудің логикасы мен құрылымын, ғылыми зерттеулердің әдістерін, әдістемелік үйлесім мен принциптерін зерделеу. Ғылыми зерттеулердің әдістемесімен, логикасымен танысу, ғылыми-педагогикалық зерттеулер жайындағы деректермен өз бетінше дайындалуға бағыттау.
«ҒЫЛЫМИ БАҒДАР БЕРУ ШЕБЕРХАНАСЫ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ 4 бағытта жұмыс жасайды:
- Пәндік олимпиадаға дайындық зертханасы;
- Ғылыми жобаларға дайындық зертханасы;
- Интеллектуалды ойындар зертханасы;
- Пед дизайн зертханасы. Ұстаз имиджі;
«ҒЫЛЫМИ БАҒДАР БЕРУ ШЕБЕРХАНАСЫ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ аясында «Дарын» облыстық ғылыми жоба байқауының қалалық кезеңдерінің іріктеуі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті профессор-оқытушыларымен бірлесіп олимпиадаға дайындық базасын жинақтап ғылыми зертханалық жұмыстарға бағытталған Форсайт-сессиялар мен көшпелі тәжірибе алаңдары және Халықаралық заманауи оқыту технологияларына бағытталған ғылыми конференциялар өткізілді.
Облыстық білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінде Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебі бірлескен «ҰСТАЗ ИМИДЖІ» жаңа жобасының мақсаты мен жұмыс бағыттары таныстырылды.
ҰСТАЗ ИММИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ АРҚЫЛЫ:
- Педагог мәртебесін көтеру
- Көшбасшылар даярлау
- Креативті көзқарастар
- Үздіксіз даму үдерісі
- Заманауи технологиялар
- Оқыту сапасын жақсартуға жағдай жасау
Облыстық білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінде «ҰСТАЗ ИММИДЖІ» жаңа тың жоба ретінде жаңашылдығы мен өзектілігіне мән беріліп, «ҒЫЛЫМИ БАҒДАР БЕРУ ШЕБЕРХАНАСЫ» пилоттық жобасының жұмыстарына сәттілік тіледі.
{gallery}--0/1{/gallery}



