oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/--0/3
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/--0/3

Шуақты күздің алғашқы күні шартарапта соғылып жатқан алғашқы қоңырау, білім күні мерекесін Абылай хан атындағы № 140 қазақ орта мектебі үлкен дайындықпен қарсы алды. Білім биігіне жетелер мектеп табалдырығын жүз 1 сынып оқушысы аттап, «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбындағы салтанатты жиынға қатысты.

Биылғы оқу жылының басты ерекшелігінің бірі тәрбие жұмысы біртұтас тәрбие бағдарламасы талап, ар-ұят, ұлттық мүдде құндылықтары негізінде жүзеге асырылып, адал азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Сонымен қатар биылғы жыл

  • Түркілік дәстүріне даңғыл жол салған Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл
  • Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер Төле бидің 360 жыл
  • Күйші, композитор, домбырашы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл
  • Қазақ және кеңестік драматург, жазушы, публицист, сценарийші Қалтай Мұхамеджановтың туғанына 95 жыл
  • Теңгенің қолданысқа енгеніне – 30 жылдық мерейтойымен тұстас келіп отыр.

2023-2024 оқу жылындғы ерекшеліктер

  • Жаратылыстану-гуманитарлық бағыттар бойынша "Ғылыми бағдар беру" орталықтары халықаралық дейгейдегі бірлескен жобалар.
  • Ресей мемлекетінің Плеханов атындағы университетімен "Педагогикалық дизайн" мектебі құрылды.
  • Цифрлық технологияны дамыту жолында хаманауи үлгімен жабдықталған Телестудия орталығы ашылды.
  • Мектеп кітапханасы 114 түрлі көркем әдеби кітаптармен толықтырылды.

Бүгінгі салтанатты шарада Әліппенің оқушыларды құттықтап, алғаш мектеп табалдырығын аттаған жас өрендерді қабылдауымен бастау алып, бүлдіршіндердің ән шашуымен және оқушыларға жаңа оқу жылына сәтті қадам, таудай талап тілеумен жалғасты. Салтанатты жиында мектеп директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, қалалық мәслихат депутаты Айгуль Нажмадинқызы ұстаздар мен оқушыларды білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, ыстық лебізін білдірді.

Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар, баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!

{gallery}--0/3{/gallery}