Ауыз қуысының саулығы – балаңыздың жалпы денсаулығының маңызды бір бөлігі. Тек қана ата –ана және стоматолог маман ерте балалық шақтан бастап ауыз қуысын дұрыс күту дағдысын көрсете отырып, еліктеуіне үлгі бола алады. Профилактикалық шаралар балаңызға сау тістер мен қызыл иекті, сондай-ақ айналасындағылармен қуанышты бөлісе алатын көз жауын алатын күлкіні сақтауға көмектеседі.
Қазақстан стоматологтар ассоциациясы, «Colgate» компаниясы, Қызылорда қалалық орталық емханасына қарасты стоматология бөлімінің ұйымдастыруымен «Өмір бойы жарқыраған күлкі» акциясы өткізілді. Акция барысында балаларға тіс жуу ережелері, тіс пастасы мен щеткалардың дұрыс пайдаланылуы түсіндірілді. Акция соңында оқушыларға брощюралар үлестіріліп, лицензиясы бар тіс пасталары таратылды.
{gallery}--/1{/gallery}



