Барлығымызға белгілі – әлемдегі біздің ең шынайы байлығымыз – ол, әрине біздің отбасымыз. Тек қана отбасы бізге күш пен өзімізге деген сенімділік береді, өмір үйрететін сабақтардан сүрінбей өтуге көмектеседі, ұлттық құндылыққа баулыйды. Бір сөзбен айтқанда, отбасы - барлық рөлдері бөлініп қойылған қоғамның шағын моделі болып табылады. Демек, отбасы – бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар бұлағы, бастауы.
Оқушылар санасына отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік бере отырып, құндылықтарды берік ұстанған бақытты жанұяның моделін ұсыну мақсатында «Өнегелі отбасы ұлт тірегі» тақырыбында ашық алаң өтіп, отбасы құндылықтарын дәріптеуде өзіндік айтары бар келесідей қонақтарымыз қатысты
Мусаева Гүлшат Исақызы - «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы
Қонысовтар отбасы. Бахберген Конисов К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп гимназиясының оқу ісі жөніндегі орынбасары
Қонысова Нағира - Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі.
Нұрмұратовтар отбасы. Нұрмұратов Берік – Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі.
Жақыпова Бейбіт - Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі.
Ашық алаңның алғашқы бөлімінде бақ пен берекесі келісіп, көпке өнеге бола білген отбасылар отбасы құндылықтарын сақтау, оны бала бойына дарыту мен дәріптеу, жалпы отбасының берік болуы жайлы ой бөлісті. Мектеп театры жобасының қатысушылары "Ана мен бала достығы" – ең қымбат құндылық тақырыбында сахналық қойылым ұсынып, ата-ана сөзі, қолдауы мен демеуі бала өмірінде үлкен рөл алатынын жеткізді. Ұлттық тәрбиемізде орнын ерекшелеп айтар тұсы ол әже тәрбиесі. Әженің орнының құндылығын ескеру - салт-дәстүрді дәріптеу, жаңғырту болып табылады. Осы игі дәстүрді жалғастыра отырып мектеп әжелері ұмыт қалып жатқан «Сірге мөлдіретер» дәстүрін көрсетіп, көпке қымыз ұсынды.
{gallery}--/2{/gallery}



