oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/--/--/6
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/--/--/6

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі, сондықтан қазақ өз баласын тәртіпті, кішіпейіл, білімді, шебер, еңбекқор, келешекте үлгілі отбасы иесі болғанын қалап тәрбиелеген. Өйткені ұлтымыздың болашағы – тәрбиелі ұрпақтың қолында. Осыған қарап ертедегі қазақ ер баласының балалық шағы қаншама қиын кезеңдерге тап келсе де, білімнен, өнерден, жалпы адами қасиеттерден алыстамағанын аңғарамыз.

Ер балаларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу, ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіру мақсатында ашық, еркін алаңдағы кездесу өтті. Кездесуге арнайы шақырылған қонақ «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы, мектебіміздің аталар, ағалар кеңесінің жетекшілері, «Азамат» ұлдар ұйымының жетекшісі қатысып, оқушыларға ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлықтарын арттыру бағытында әңгіме өрбітті.

{gallery}--/--/6{/gallery}