"МИФ әлемдегі инновациялық foresight" пәндер апталығы аясында 10.10.2023 жыл күні информатика пән мұғалімдері Байдарбесова Салтанат пен Ерназарқызы Гүлдана Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасының «Шаңырақ» интеллектуалдық орталығымен бірлесе саяхат сабақ өзкізді. 5 «Ә» сынып оқушыларымен «Екілік ақпаратты ұсыну» тақырыбындағы өткізілген сабақ мақсаты: ақпаратты екілік кодтау түрлерін білу, берілген сөзді екілік кодта және ондық кодта жазу және сөздердегі ақпарат көлемін санап, салыстыру.
Саяхат сабақ барысында оқушылар топтық тапсырмалар орындап, компьютермен жұмыс жасады. Жеңімпаз топ анықталып, оқушылар «Басбармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалады. Сабақты көтеріңкі көңілді күйде «Жарқыраған шамдар» биімен аяқтады.
{gallery}--/--/14{/gallery}



