Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің «Ғылыми бағдар беру шеберханасы» аясында «Педагогикалық дизайн» мектебі 11.10.2023 жылы «IT Park» ғимаратында мектебіміздің 9 «г» сынып оқушыларымен бірге информатика пән мұғалімдері М.Жусупова мен А.Абекова «IT BATTLE кеңестігіндегі әлем» -атты таныстырылым өткізді.
Таныстырылымның мақсаты: Негізгі мектеп бітірушілерге «IT Battle» кеңестігінде мағлұмат бере отырып функционалдық сауаттылығын арттыру,заманауи мамандық иесі болуға бағдар беру.
Компьютерге арналған программалардың жиынтығы программалық жабдықтаманы құру. Бағдарламалау жүйелері деп компьютердегі есептерді программалауды автоматтандыруға арналған программа жиынтығын жасау,программалау жүйесі пайдаланушыны немесе програмистті өзінің мәселелерін оған қолайсыз машиналық командалар тілінде жазу қажеттілігінен босататын және оларға жоғары дәрежелі арнайы тілдерді пайдалану мүмкіндігін беру.Кіріспе немесе бастапқы деп аталатын осындай тілдердің әрқайсысы үшін,программалау жүйесінің программа мәтінін кіру тілінен машина тіліне автоматты түрде аударатын программасын игеру бойынша кеңес алды.
{gallery}--/--/15{/gallery}



