Бүгін мектебімізде “МИФ әлеміндегі инновациялық foresight” атты апталық аясында «The world of robots” тақырыбындағы вернисаж сабағы өткізілді. Информатика пәні мұғалімдері Зулхарнаева Альбина және Молдашбекқызы Арайлым 8 сынып оқушыларын оқушылар үйіне апарып, роботтардың түрлерімен танысты. Сонымен қатар, Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы», «Робототехника» үйірмесінің жетекшісі, KazRobotics федерациясының Қызылорда облысы бойынша үйлестірушісі- Сариев Раушанбек Абилдаевич мектеп оқушыларына 3D принтермен жұмыс жасауды үйретті.
Қазіргі уақытта білім беру үдерісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану қажеттілігі туып отыр. Осыған байланысты білім берудегі әдіс - тәсілдер жаңарып отырады. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан оған басты назар аударуымыз қажет. Бүгінгі вернисаж сабақ оқушылардың заман талабына сай оқушы болып қалыптасуларының бірден бір кепілі. Оқушыларды жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету және оны өмірде қолдану жетістіктерге апаратын жол екені анық.
{gallery}--/--/18{/gallery}



